Ең пайдалы тосап қандай екені белгілі болды

Ең пайдалы тосап қандай екені белгілі болды
Фото: edimdoma.ru

Үйде дайындалған тосап кем дегенде төрт себеппен дүкендікінен асып түседі. Бұл туралы Sputnik радиосына берген сұхбатында медицина ғылымдарының кандидаты, диетолог Ирина Бережная айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарында жемістер ұзақ сақталуы үшін біраз уақыт қайнатылады.

"Мемлекетаралық стандарт кәмпит пен тосапты өте күшті термиялық өңдеуден өткізеді. Бұл олардың ұзақ сақталуы, сатып алушыларға қауіпсіз болуы үшін қажет", - деп нақтылады Бережная.

Алайда ол жемістерді өңдеудің бұл әдісінің айтарлықтай кемшілігі бар екенін де ескертті.

"Күшті термиялық өңдеу барлық табиғи дәруменді "өлтіреді", - деп түсіндірді диетолог.

Үйдегі тосапта көп қоректік зат сақталады, әсіресе, бұл пеште ұзақ тұрмайтын "бес минуттық" тосаптарға қатысты. Мұндай тосаптар құрамындағы дәрумендер, антиоксиданттар мен талшықтар, дәмі арқылы дүкендікінен асып түседі екен.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова