Юлия Путинцева Жапониядағы турнирдің финалына шықты

Юлия Путинцева Жапониядағы турнирдің финалына шықты
Фото: Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі

Юлия Путинцева жұптық сайыста Жапониядағы турнирдің финалына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгін қазақстандық теннисші ресейлік Анна Калинскаямен бірге жартылай финалдағы матчын өткізді. Олар жапониялық теннисшілер Эри Ходзуми мен Макото Ниномиямен кездесті.

Қазақстандық-ресейлік жұп қарсыластарын 6:7(3:7), 7:6(7:1), 10:7 есебімен ұтты.

Енді олар финалда украиналық-германиялық жұп Надежда Киченок пен Анна-Лена Фридзаммен кездеседі. Матч 17 қыркүйекке жоспарланған.

Сонымен бірге Юлия Путинцева бүгін жекелей сындағы матчын өткізді. Ол турнирдің ширек финалында қытайлық Ван Синьюйден жеңіліп қалды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан