Оралдық жас суретші қазақ жауынгерлерінің комиксін салып, жұртты таңғалдырды

Оралдық жас суретші қазақ жауынгерлерінің комиксін салып, жұртты таңғалдырды
Фото: instagram.com/kunsai_studio/

Оралдық жас суретші қазақ жауынгерлерінің комиксін салып, жұртты таңғалдырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап. 

18 жастағы Ринат Ахмедияров Оралда дүниеге келген. Ол гимназияны аяқтап, елордадағы жоғары оқу орнына киберқауіпсіздік мамандығы бойынша грантқа түскен. Мектеп кезінен бастап жігіт сурет салуға құмар болған. 

Ринат Ахмедияров пен Бахтияр Маликов

"Мен сурет салғанды ​​ұнатамын. Ойыншық пен мультфильм кейіпкерінен барлығын салып шықтым. 2017 жылы мен алғашқы графикалық планшетіме ақша жинадым, содан бері иллюстрацияны терең зерттей бастадым. Комикстерді салу идеясын 2016 жылы келді. Кейіпкерлерім мен хикаяларым адамдарға ұнаса екен деп армандайтынмын. Бірақ кей нәрелер тоқтатты. Бес ай бұрын досым пиццерияға шақырды, бәрі содан басталды. Сол кезде "Мергеннің" бірінші бөлімі (қазақ ертегілері мен аңыз-әңгімелеріне негізделген комикс - еск.) шығып, көпшілік оны қызу талқылады. Сол кезде уақыты келгенін түсіндім", - дейді Ринат.

Жігіт қазақ мәдениеті, аңыздары мен тарихын жетік білетін Бақтияр Мәліков есімді досын бірге жұмыс істеуге шақырған. Олар 4 ай бойы еңбек етіп, батыл қыпшақ жауынгері туралы баяндайтын "Бесқонақ" атты комиксін салып шыққан. 

Тағы да оқи отырыңыз: Иіссудың жарамдылық мерзімі қандай?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек