Жемқорлар тізілімі жалпыға қолжетімді болады

Жемқорлар тізілімі жалпыға қолжетімді болады
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Жемқорлар тізілімі жалпыға қолжетімді болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жемқорлардың жария тізілімін енгізуді жоспарлап отыр. Тізілімде жемқорлық үшін сотталған адамның барлық дерегі қамтылады.

"Бұл жұмыс берушілерге үміткердің адалдығын тексеруге мүмкіндік береді", - делінген ведомство хабарламасында.

Жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіруге бағытталған заңнамалық бастамалар Шығыс Қазақстан облысындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қоғамдық кеңесінің отырысында айтылды. Жиында жемқорлық құқықбұзушылықтар жасағаны үшін заңды тұлғалардың жауапкершілігін күшейту ұсынылды.

Сондай-ақ, Парламентте пара беру уәдесі мен ұсынысын криминализациялау мәселесі қаралып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Антикор Төтенше жағдайлар министрлігінде жемқорлықтың 70 пайызын бөлім басшылары жасайтынын мәлімдеген еді.

Тағы да оқи отырыңыздар: Әлемдегі ең бай адам кім?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова