Жылқы жолға шауып шыққан: Жетісу облысында жантүршігерлік жол апатынан бір адам қаза тапты

Жылқы жолға шауып шыққан: Жетісу облысында жантүршігерлік жол апатынан бір адам қаза тапты
Фото: ІІМ

Жетісу облысында жолға шауып шыққан жылқы адам өліміне себеп болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол апаты 15 қыркүйекте таңертең Алматы - Өскемен тасжолының 136-шақырымында болған.

Honda Element автокөлігі жол апатына ұшыраған. Көлік жолға кенет шауып шыққан жылқымен соқтығысқан.

Оқиға орнында көлік салонында болған 44 жастағы жолаушы қайтыс болды. Қазір полицейлер жылқының иесін анықтау үшін шаралар жүргізіп жатыр.

Тағы да оқи отырыңыздар: Жануарлар жер сілкінісі болатынын алдын ала сезе ме?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова