Павлодар облысында ер адам 1-сыныпта оқитын екі қызды мектеп аумағынан алып кетпек болған

Павлодар облысында ер адам 1-сыныпта оқитын екі қызды мектеп аумағынан алып кетпек болған
Фото: Жақсылық Зинешев/Massaget

Павлодар облысында ер адам бірінші сыныпта оқитын екі қызды мектеп аумағынан алып кетпек болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ақпарат Типичный Павлодар Instagram-парақшасында  пайда болды. Видеода әйел Кенжекөл ауылындағы мектеп аумағында болған оқиға туралы бөлісті.

Оның айтуынша, сабақ біткеннен кейін оның 1-сыныпта оқитын қызын және оның құрбысын мас ер адам ертіп кетпек болған. Ер адам кішкентай қыздарға "анаң жұмыста, сендерді менің үйімнен алып кетемін деді, үйіме жүріңдер" деп айтқан, бірақ қыздар белгісіз ер адаммен бармаған. Сол кезде қыздың анасы келіп қалған. Ал сынып жетекшісі басқа оқушыларды автобусқа отырғызуға кеткен. 

Әйелдің сөзінше, бұл оқиғадан кейін қызын мектепке жіберуге қорқып қалған, ол жергілікті билік өкілдерін қауіпсіздік шараларын күшейтуді сұрады. 

"Қызым мектепке барғысы келмейді, қорқады. Мен де оны жіберуге қорқамын. Егер ер адам сол жерде (мектеп аумағында - еск.) жүрсе, демек ол мектепке де кіре алады", - дейді ол. 

Әйел бұл үндеуін Кенжекөл әкіміне, Павлодар облысының әкіміне, Білім басқармасына жолдады. Ол балаларды мектепке қорықпай жіберу үшін мекемеге күзет қоюды сұрады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Типичный Павлодар (@tipavlo.dar)

Білім басқармасы өкілдері бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді. 

"Директордың айтуынша, олар бірден 102-ге хабарласқан. Ол жерде учаскелік полиция қызметкері болған. Мектепте арнайы күзет бар, жедел басқару орталығына қосылған бейнекамералар бар, дабыл түймесі қосылған, төтенше жағдай болған жағдайда жедел топ жіберіледі. Қыздың анасы мектеп директорына жазған өтінішінде көрсеткен мұндай деректердің алдын алу үшін қауіпсіздік жүйесін күшейту керегі көрсетілген. Кеше кешке анама түсініктеме берілді", - делінген жауапта. 

Ал Кенжекөл ауылы әкімдігі мәліметінше, күдікті ер адам қазір айықтырғышта отыр.

"14 қыркүйекте сағат 14:30-да Кенжекөл ауылындағы бесқабатты үйдің тұрғыны мектеп аумағында 1-сыныпта оқитын екі қызды ата-аналары кейін алып кетеді деген желеумен, бірге жүруге көндірген. Қазір ер адам Павлодардағы айықтырғышта", - деді Кенжекөл ауылы әкімдігі өкілдері. 

Тағы да оқи отырыңыз: 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс неліктен бүкілхалықтық қозғалыс болды?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек