Желіде Алматы облысында ер адам екі баласы бар әйелді өлтіріп, өртеп жіберді деген ақпарат тарады

Әлеуметтік желіде Алматы облысында ер адам екі баласы бар әйелді өлтіріп, өртеп жібергені туралы ақпарат тарап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы қоғам белсендісі Дина Таңсәрі жазды.

"Алматы облысында үш адамды өлтірді деген күдікті іздестіріліп жатыр! 14.09.2023 жылы сағат 22:31-де Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментіне Алматы облысы, Іле ауданы, Ащыбұлақ ауылы, Береке, 6-жол мекенжайы бойынша үй жанып жатқаны туралы хабарлама түсті. Сағат 22:55-те үйдің шатыры жанып жатқаны анықталды. Үйде зорлық-зомбылық белгілері бар 1 ересек және 2 баланың денесі табылды", - деп жазды ол.

Дина Таңсәрі балалар 2010 және 2015 жылдары дүниеге келгенін жеткізді.

Алматы облысы Полиция департаменті өкілі бұл дерек тексеріліп жатқанын, нақты ақпарат тексерістен кейін белгілі болатынын, бұл туралы қосымша хабарланатынын мәлімдеді.

Тағы да оқи отырыңыздар: Көліктің нөмірі жоғалып қалса, не істеу керек?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!