Алматыда қала күнін тойлауға байланысты бірқатар көше жабылады

Алматыда қала күнін тойлауға байланысты бірқатар көше жабылады
Фото: skyview.kz

Алматыда қала күнін тойлауға байланысты бірқатар көше жабылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл 14-17 қыркүйек аралығында сағат 08:00-ден 24:00-ге дейін Almaty Cover Show фестивалін өткізуге байланысты "Астана" алаңында Төле би көшесінің Назарбаев даңғылынан Абылай хан көшесіне дейінгі аралық жабылып, көлік құралдарының қозғалысы шектеледі.

Ал 15-17 қыркүйек аралығында сағат 08:00-ден сағат 20:00-ге дейін Алматы облысы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, осыған байланысты Сәтбаев көшесінің Достық даңғылы мен Уәлиханов көшесінің арасы жабылып, көлік құралдарының қозғалысы шектеледі.

Жол жөндеу жұмыстары жүріп жатқан аумақтар туралы кейінгі жаңалықтар қала әкімдігі мен қалалық мобильділік басқармасының ресми парақшаларында, AlmatyJoly (https://t.me/AlmatyJoly) Telegram-арнасында, сонымен қатар2ГИС және "Яндекс.Карта" қосымшасында жазылған. Қала күні аясында өткізілетін мәдени іс-шаралар туралы ақпарат Алматы әкімдігінің, аудан әкімдіктерінің сайттарында, әкімдіктің және мәдениет басқармасының әлеуметтік желілерінде көрсетілген.

 Жол жабуға байланысты уақытша маршруттар:

Төле би көшесінің бойымен Назарбаев даңғылынан Абылай хан көшесіне дейінгі аралық:

№ 48 - батыс бағытта - Достық даңғылы – Бөгенбай батыр көшесі - Желтоқсан көшесі - Төле би көшесі - бұдан әрі схема бойынша;

№ 48 - шығыс бағытта - Төле би көшесі - Наурызбай батыр көшесі - Қабанбай батыр көшесі - Достық даңғылы - бұдан әрі схема бойынша;

№ 16 - батыс бағытта - Қонаев көшесі - Бөгенбай батыр көшесі - Желтоқсан көшесі - Төле би көшесі - бұдан әрі схема бойынша;

№16 - шығыс бағытта - Төле би көшесі - Абылай хан даңғылы - Қабанбай батыр көшесі - Қонаев көшесі - бұдан әрі схема бойынша;

№ 126 - батыс бағытта - Қонаев көшесі - Бөгенбай батыр көшесі - Желтоқсан көшесі - Төле би көшесі - бұдан әрі схема бойынша;

№126 - шығыс бағытта - Төле би көшесі - Абылай хан даңғылы - Қабанбай батыр көшесі - Қонаев көшесі - бұдан әрі схема бойынша;

№ 37 - батыс бағытта - Төле би көшесі - Назарбаев даңғылы - Бөгенбай батыр көшесі - Желтоқсан көшесі - Төле би көшесі - бұдан әрі схема бойынша;

№37 - шығыс бағытта - Наурызбай батыр көшесі - Қабанбай батыр көшесі - Назарбаев даңғылы - Төле би көшесі - бұдан әрі схема бойынша;

№ 201 - батыс бағытта - Төле би көшесі - Назарбаев даңғылы - Бөгенбай батыр көшесі - Желтоқсан көшесі - Төле би көшесі - бұдан әрі схема бойынша;

№201 - шығыс бағытта - Наурызбай батыр көшесі - Қабанбай батыр көшесі - Назарбаев даңғылы - Төле би көшесі - бұдан әрі схема бойынша;

№ 205 - батыс бағытта - Төле би көшесі - Назарбаев даңғылы - Бөгенбай батыр көшесі - Наурызбай батыр көшесі - бұдан әрі схема бойынша;

№205 - шығыс бағытта - Желтоқсан көшесі - Қабанбай батыр көшесі - Назарбаев даңғылы - Төле би көшесі - бұдан әрі схема бойынша;

№ 209 - батыс бағытта - Төле би көшесі - Қонаев көшесі - Бөгенбай батыр көшесі - Желтоқсан көшесі - Төле би көшесі - бұдан әрі схема бойынша;

№209 - шығыс бағытта - Төле би көшесі - Наурызбай батыр көшесі - Қабанбай батыр көшесі - Қонаев көшесі - Төле би көшесі - бұдан әрі схема бойынша;

№ 210 - батыс бағытта - Төле би көшесі - Қонаев көшесі - Бөгенбай батыр көшесі - Желтоқсан көшесі - Төле би көшесі - бұдан әрі схема бойынша;

№ 210 - шығыс бағытта - Төле би көшесі - Наурызбай батыр көшесі - Қабанбай батыр көшесі - Қонаев көшесі - Төле би көшесі - бұдан әрі схема бойынша;

№ 206 - батыс бағытта - Төле би көшесі - Қонаев көшесі - Бөгенбай батыр көшесі - Желтоқсан көшесі - Төле би көшесі - бұдан әрі схема бойынша;

№206 - шығыс бағытта - Төле би көшесі - Наурызбай батыр көшесі - Қабанбай батыр көшесі - Қонаев көшесі - Төле би көшесі - бұдан әрі схема бойынша;

№ 224 - батыс бағытта - Төле би көшесі - Назарбаев даңғылы - Бөгенбай батыр көшесі - Желтоқсан көшесі - Төле би көшесі - бұдан әрі схема бойынша;

№ 224 - шығыс бағытта - Төле би көшесі - Абылай хан даңғылы - Қабанбай батыр көшесі - Назарбаев даңғылы - Төле би көшесі - бұдан әрі схема бойынша.

Сәтбаев көшесінің бойы Достық даңғылынан Уәлиханов көшесіне дейін:

№121 – шығыс бағытта - Сәтбаев көшесі - Назарбаев даңғылы - Абай даңғылы - Достық даңғылы - бұдан әрі схема бойынша;

№121 – кері бағытта – Достық даңғылы - Абай даңғылы - Назарбаев даңғылы - Сәтпаев көшесі - бұдан әрі схема бойынша;

№45 - солтүстік бағытта – Желтоқсан көшесі - Абай даңғылы - Достық даңғылы - бұдан әрі схема бойынша;

№ 45 – кері бағытта - Достық даңғылы - Абай даңғылы - Желтоқсан көшесі - бұдан әрі схема бойынша;

№ 95 – шығыс бағытта - Сәтбаев көшесі - Назарбаев даңғылы - Абай даңғылы - Достық даңғылы - бұдан әрі схема бойынша;

№ 95 – кері бағытта – Достық даңғылы - Абай даңғылы - Назарбаев даңғылы - Сәтпев көшесі - бұдан әрі схема бойынша.  

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан