Мароккодағы жер сілкінісі климаттық қару қолданудың белгісі ме?

Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар Мароккодағы жойқын жер сілкінісіне қатысты пікірлер жазып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Кейбіреулерінің айтуынша, Марракештегі жер асты дүмпулеріне дейін аспанда ерекше жарық көрінген. Олардың сөзінше, бұл - климаттық қаруды қолданудың белгісі. 

Түнде аспанда жарқылдаған жарық видеосының Мароккоға да, жер сілкінісіне де қатысы болмай шықты. Ол алғаш рет Желіде 2020 жылғы сәуірде, @jayhideaway TikTok парақшасында жарияланған. Онда кадрларда өзге ғаламшарлықтардың басып кіруі көрсетілген деп жазылған.

Парақшаның иесі видео эффектілер қосылған қысқа видеолар жариялаған. Мысалы, парақшада Күн жарылып, Жерді жойып жіберген, ұшып келе жатқан айдаһардың қаланы қиратқан видеолары бар. Демек, бұл парақшадағы роликтерді шын деп қабылдамаған жөн.

Айта кетейік, биыл 8 қыркүйекте Мароккода 6,8 баллдық жер сілкінісі болды. Оқиға салдарынан екі мыңнан аса адам қаза тауып, шамамен сонша адам зардап шекті.

Еске салайық, бұған дейін Мароккодағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 632-ге жеткені хабарланған еді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!