Аудан және қала әкімдерін сайлауға қанша қаражат жұмсалатыны белгілі болды

Аудан және қала әкімдерін сайлауға қанша қаражат жұмсалатыны белгілі болды
Фото: Tengrinews.kz

Орталық сайлау комиссиясында аудан мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлауға жұмсалатын қаражат көлемі айтылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафинаның айтуынша, сайлауға республикалық емес, жергілікті бюджеттен қаражат бөлінеді.

"Бүгін өңірлер мәслихатының шешімімен 2,2 миллиард теңге бөлінді", - деп жауап берді Мұстафина журналистің сұрағына.

Еске салайық, қарашаның басында Абай облысында Курчатов пен Абай ауданында әкімдер сайланады. Бұдан басқа, Қарағанды облысында да аудан мен қалада екі әкімі таңдалады.

Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биыл елімізде алғаш рет 45 аудан мен облыстық маңызы бар қалаларда әкімдер сайланатынын мәлімдеді.

Тағы да оқи отырыңыз: Балаға міндетті түрде қандай екпелер салынуы керек?

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә