Мектеп басшылығы мұғалімдерді сенбілікке шақыра ала ма?

Мектеп басшылығы мұғалімдерді сенбілікке шақыра ала ма?
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мектеп басшылығы мұғалімдерді сенбілікке шақыруы қаншалықты заңды? Егер педагог тазалық шарасына қатысудан бас тартса, жауапқа тартыла ма?

Заңгер Венера Нұрғалиқызының айтуынша, тек ұстаздар емес, жалпы кез келген мекеме қызметкерінің сенбілікке шығуы – өз еркі, яғни қоғамдық жұмысты атқаруға және тазалық жұмыстарын жүргізу – өз таңдауыңыз. Ал оған қатыспағаныңыз үшін басшылық тараптың тәртіптік жазаға тартуға құқығы жоқ. Бұл туралы otyrar.kz хабарлады.

"Еңбек кодексінің 85-бабы 1-тармағы бойынша демалыс, мереке күндері жұмысқа шығуға сіздің жазбаша келісіміңізбен және өтінішіңіз бойынша жұмыс берушінің актісі негізінде ғана жол беріледі. Егер осындай жағдайлар болып жатса, сіз өз тарапыңыздан кәсіподаққа арыздана аласыз. Әрине, ол үшін сіз еңбек ететін мекеме мен кәсіподақ арасында келісім болуы керек немесе жергілікті еңбек инспекциясына шағымданыңыз", - деді заңгер.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан