Тоқаев ертең Тәжікстанға жұмыс сапарымен барады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 14-15 қыркүйекте Тәжікстанға жұмыс сапарымен барады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Сапар аясында Президент Орталық Азия мемлекеттері басшыларының V Консультативтік кездесуіне және Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекет басшылары халықаралық кеңесінің отырысына қатысады.

Еске салайық, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 2023 жылғы тамызда Қазақстанға жұмыс сапарымен келген еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!