Атырауда жоғалып кеткен алты баланың әкесі өлі табылды

Атырауда жоғалған ер адам өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 10 қыркүйекте достарымен балық аулауға кетіп үйіне оралмаған, 1987 жылы туған Ербол Құсайыновтың денесі Жайық өзенінен 13 қыркүйекте сағат 9:30 шамасында, балық аулады деген жерден 50 метр қашықта табылды.

Алдын-ала болжам бойынша, жоғалған ер адам суға батып кеткен. Мүрдеге сот-медициналық сараптама тағайындалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Атырауда алты баланың әкесі жұмбақ жағдайда жоғалып кеткені хабарланған еді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!