Атырау облысында жүргізуші 59 жастағы мүгедекті қағып өлтірді

Атырау облысында жүргізуші 59 жастағы мүгедекті қағып өлтірді
Фото: Atpress.kz

Атырау облысында жүргізуші 59 жастағы мүгедекті қағып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Atpress.kz-ке сілтеме жасап. 

Қайғылы оқиға Мақат ауданы Доссор ауылында болған. 

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, оқиға 12 қыркүйекте сағат 20:50-де болған. Мақат аудандық ішкі істер бөлімінің кезекші бөліміне Доссор ауылдық ауруханасынан белгісіз біреудің жол апатына түсіп, қаза болғаны туралы хабар түскен.

"Жедел-іздестіру жұмыстары барысында Құлсары-Атырау тасжолында Доссор ауылындағы жанар-жағармай құю станциясында Toyota көлігінің 29 жастағы жүргізушісі 59 жастағы мүгедекті қағып кеткені анықталды.  жол апатының салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды", - делінген полиция хабарламасында.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек