Астана тұрғыны 19 миллион теңгеден аса алимент төлемеген

Астанада 2015 жылдан бері 19 миллион теңгеден аса алимент төлемеген тұрғын анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аудан прокуратурасы ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 669-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғады.

Астана қаласының әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қаулысымен борышкер 5 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Елорда прокуратурасы өкілдері алимент төлеуден жалтарғаны үшін 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салу, әкімшілік жауапкершілік немесе 5 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу, сондай-ақ, 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде қылмыстық жауапкершілік көзделгенін айтты.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!