Мұғалімдер жалақысына қанша қосымша ақы қосылатыны белгілі болды

Елімізде 350 мыңнан аса педагог еңбек етеді. 220 мыңнан аса педагог аттестация қорытындысымен тағайындалған біліктілік санаты үшін жалақысына қосымша ақы алады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазақстан" телеарнасына сілтеме жасап. 

Педагог-шеберге 50 пайыз, педагог-зерттеушіге 40 пайыз, педагог-сарапшыға 35 пайыз, педагог-модераторға 30 пайыз қосымша ақы төленеді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 4 жыл ішінде педагогтердің жалақысы 100 пайызға арттырылды. Жаңа оқу жылынан бастап мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру педагогтерінің еңбекақысы 30 пайызға көбейтілді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!