Шымкентте алаяқ әйел аурухадан қашып кеткен

Шымкентте алаяқ әйел аурухадан қашып кеткен
Фото: Polisia.kz

Шымкентте алаяқ әйел аурухадан қашып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

1983 жылы туған Феруза Корчиева алаяқтық жолмен өзінің танысын алдап, 12 миллион 700 мың теңге ұрлаған. Ол жәбірленушіге "банкте кепілде тұрған мүлкіңді шығарып беремін" деп сендіріп, ақшаны алған соң із-түзсіз жоғалған.

Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі бойынша тіркелді.

Алайда әйел тергеу мен соттан бой тасалап жүр. Феруза Корчиева кейінгі рет денсаулығының нашарлауына байланысты жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізіліп, сол жерден қашып кеткен.

"Суретте көрсетілген әйелді көрген-білгендер болса, бірден полицияның 102 арнасына немесе 8-7252-33-98-42, 8-702-757-79-57, 97-60-09 байланыс нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз", - делінген хабараламада. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек