Жамбыл облысында жауапты мекеме электр энергиясының тарифін заңсыз көтерген

Жамбыл облысының прокурорлары өңірде электр энергиясына тариф заңсыз көтерілгенін анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"ЖамбылЖарықСауда-2030" ЖШС - облыс тұрғындарына электр энергиясын жеткізуді жүзеге асыратын қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі. 2022 жылғы 30 мамырда серіктестік өз шығысына қосымша 1 миллиард 841 миллион теңге қосу қажетін айтып, тарифті көтеру талабымен монополияға қарсы органға тағыда жүгінген", - деді прокуратура өкілдері.

Монополияға қарсы орган серіктестіктің талабын қанағаттандырмай, тарифтің өсуіне жол бермеді. Алайда ЖШС сотқа жүгініп, сот монополистің талабын қанағаттандыру туралы шешім қабылдады.

"2023 жылғы 5 қыркүйекте облыс прокуратурасының өтініші бойынша облыстық соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы белгіленген сот актісінің күшін жойды.

Жоғары сот прокурордың монополисте электр энергиясына тарифті көтеру үшін заңды негіздердің болмауына қатысты дәлелдерді негізді деп таныды", - деп түсіндірді прокуратура өкілі.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!