"Дерьмо вокруг нас": Желіде сабақ кестесіндегі тақырып қызу талқыға түсті

Әлеуметтік желіде Kundelik.kz электрон журналынан түсірілген кадр қызу талқыға түсіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы журналист Диана Идрис әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Кадрда сыныптардың бірінің сабақ кестесі көрінеді. Онда цифрлық сауат, жаратылыстану ғылымдары, т.б. пәндермен қатар, "Дерьмо вокруг нас" деген тақырып та тұр.

"Оқырмандарым не жібергенін қараңыздаршы. Бұл - "Күнделік" бойынша сабақ кестесі, алтыншы сабақ - ағылшын пәнінен тақырып: "Дерьмо вокруг нас". Балаларды бірден өмірге үйретіп жатыр ма?" - деп жазды журналист.

Бұл мәселе бойынша Оқу-ағарту министрлігіне сұрау жолданды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз