Apple iPhone 15 және iPhone 15 Pro-ны таныстырды

Apple iPhone 15 және iPhone 15 Pro-ны таныстырды
Фото: apple.com

Apple жыл сайынғы күзгі презентациясында iPhone 15, iPhone 15 Pro смартфондарын және басқа да жаңа құрылғыларды таныстырды. Іс-шара компанияның ресми сайтында көрсетілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Phone 15 и 15+

Алдымен компания негізгі модельдер туралы айтты. Оларда аса көп өзгеріс жоқ – iPhone 15 және iPhone 15 Plus-тың кейбір "фишкалары" смартфонның алдыңғы буыны – iPhone 14 Pro-дағыдай. Мысалы, Dynamic Island қиығы. Енді бұл мүмкіндік барлық Apple смартфонының артықшылығы болады.

iPhone 15 экранының диагоналі — 6,1 дюйм, ал iPhone 15 Plus-тікі — 6,7 дюйм. Дисплейдің жарықтығы 2000 нит, бұл алдыңғы үлгілерден екі есе жарық.

Смартфон бес түсте: қызғылт, қара, ақ, сары және ашық жасыл шығады. Смартфон корпусының шеттері дөңгеленген алюминийден, алдыңғы және артқы жағы шыныдан жасалған.

Негізгі девайстарда екі камера бар - стандарт және үстіңгі кең бұрышты. Негізгі камераның мүмкіндігі 48 мегапиксель және екі есе цифрлық зумды қолдайды. Осыған ұқсас режим iPhone 14 Pro-да жасалған.

IPhone 15 құны 799 доллар, iPhone 15 plus үлкейтілген экраны 899 доллар болады.

iPhone 15 Pro және iPhone 15 Pro Max

Осыдан кейін компания "өз тарихындағы ең кәсіби смартфондары" — Apple iPhone 15 Pro және 15 Pro Max-ты таныстырды. Смартфон корпустары титаннан жасалған, өте берік, бірақ жеңіл материал. Apple мұндай титанның марсоходтарда қолданылатынын атап өтті.

Титанды пайдаланудың арқасында iPhone 15 Pro және iPhone 15 Pro Max Apple компаниясының ең жеңіл Pro смартфондары болады. iPhone 15 Pro экранының диагоналы — 6,1 дюйм, ал iPhone 15 Pro Max-тікі — 6,7 дюйм. Екі смартфонның да осыған дейінгі Apple смартфондарындай емес, ең жұқа дисплей жиектері бар.

Pro модельдері төрт түсте шығады.

Apple iPhone 15 Pro-дан дәстүрлі дауысқосқышын алып тастайды. Оның орнына Action Button түймесі пайда болады. Мұның көмегімен тек дауысты емес, басқа да әрекеттерді орындауға болады.

iPhone 15 Pro 999 доллардан, ал iPhone 15 Pro Max 1 199 доллардан басталады. Алдын ала тапсырысты 15 қыркүйекте беруге болады, ал смартфондар жаппай сатылымға 22 қыркүйекте шығады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан