Алматыдағы оқу-жаттығу жиыны кезінде өрт сөндіру техникасы аударылып қалды

Алматыда құтқарушылардың оқу-жаттығуы күтпеген жағдаймен аяқталды, өртсөндіргіш автосаты аударылып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматының төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Автор оқу-жаттығу кезінде өртсөндіргіш автосаты аударылып, мұнай базасының резервуарына соғылғанын айтқан. Өрт сөндіру көлігінің өзі "кәдімгідей зақымданған".

"12 қыркүйекте сағат 12:47-де Жетісу ауданы, Талант көшесі, 38 мекенжайында орналасқан Sinooil ЖШС Алматы филиалының резервуарында оқу-жаттығу кезінде АЛ-50 өрт сөндіру автосатысы сол жаққа қарай аударылып қалды, - деп хабарлады Алматы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Зардап шеккендер жоқ. Қызметтік тексеріс басталды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!