Шымкенттегі көпқабатты үйдің кіреберісінен ер адам өлі табылды

Шымкенттегі көпқабатты үйдің кіреберісінен ер адам өлі табылды
Фото: elements.envato.com

Шымкенттегі Темірлан тасжолындағы №43/А көпқабатты үйдің кіреберісінен ер адам өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

35 жастағы ер адамның мәйітін тұрғындар 12 қыркүйек күні сағат 13:00 шамасында тауып алып, полицияға хабарлаған.

Жедел іздестіру шаралары барысында 31 жастағы күдікті ұсталды.

Екі ер адам кіреберісте кездескен. Екеуі бір әйелдің пәтеріне қарай бет алған.

Екеуінің арасында жанжал шығып, соңы төбелеске ұласқан.

Бірнеше соққыдан кейін жәбірленуші мерт болған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Күдікті 12 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Нақты жазаны сот тағайындайды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан