Атырау облысының полицейлері 80 келі бекіре тұқымдас балық тәркіледі

Атырау облысының полицейлері 80 келі бекіре тұқымдас балық тәркіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

5 қыркүйек күні сағат 5:30 шамасында Атырау облысы ПД-нің жанындағы патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Атырау-Астрахань тас жолы Аққыстау ауылының тұсында, күдік тудырған Lada Kalina автокөлігін тоқтатты.

Тексеру кезінде 1997 ж.т жүргізушінің көлігінің жүксалғышынан шамамен 80 келі бекіре тұқымдас балық табылды.

ҚР ҚК 335-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!