Алматы метросының маңында жиналған халық: резонанс тудырған видеоға шенеуніктер жауап берді

Алматының мобилділік басқармасыАбай даңғылындағы аялдамада жолаушылардың топталуына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қалалық мобилділік басқармасы бұған дейін Көлік холдингі сұранысқа ие учаскелерді анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін жолаушылар ағынына қатысты анализ жүргізіп жатқанын хабарлады. Бұл учаскеде №55, №49, №142, №78 және №110 маршруттар жүреді.

"Жолаушылардың ең көп бөлігі №55 және №49 маршруттарда тіркелген. Жолаушылар ағынын сараптаудың алдын ала қорытындысына сәйкес Қалалық мобилділік басқармасы тасымалдаушылармен бірлесе отырып аталған маршруттарды қарбалас уақытта күшейту туралы шұғыл шешім қабылдады. 12 қыркүйектен бастап №55 маршрутқа қосымша 6 автобус шығарылады.

Осылайша, 18 автобустың жүру жиілігі 11 минуттан 7 минутқа дейін қырқарады деп күтілуде. №49 маршрутта қарбалас уақытта 8 автобустың орнына 12 автобус қызмет көрсетеді. Бұл шара автобусты күту уақытын 13 минуттан 7-8 минутқа дейін азайтады деп күтіліп отыр", - деп хабарлады ведомство.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!