Қазақстандықтар Таиландта ауқатты италиялыққа шабуыл жасаған: СІМ пікір білдірді

Қазақстандықтар Таиландта ауқатты италиялыққа шабуыл жасаған: СІМ пікір білдірді
Фото: thephuketnews.com

Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтардың Пхукетте италиялық азаматқа шабуыл жасап, азаптады деген ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров қазақстандықтарға қатысты оқиға туралы ақпарат түспегенін айтты.

"Біз Таиланд билігінен бұл ақпаратты ресми түрде алған жоқпыз. Біз тергеу жүргізбейміз, құқық қорғау органдары емеспіз. Шетелдегі дипломаттар мен консулдардың ролі - толық консулдық және құқықтық қолдау көрсету, соның ішінде азаматтардың құқықтары мен мүдделерінің сақталуын бақылау. Бірақ сотта тараптардың қорғаушысы ретінде де, тергеу әрекеттеріне де қатысуға құқығымыз жоқ. Сондықтан тергеуді оқиға болған елдің құқық қорғау органдары жүргізіп жатыр", - деді СІМ өкілі.

Смадияров қазақстандықтар сол елдің заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылуы керегін айтты. Сондай-ақ, қазақстандықтар қауіпсіздігін өз бетінше қамтамасыз етуге тиіс.

Еске салайық, үш қазақстандық Таиландтың Пхукет қаласында ауқатты италиялыққа шабуыл жасады деп айыпталған болатын. Олардың аты-жөні анықталған жоқ, бірақ олар ресейлік ММА файтері Хусейн Асхабовпен және оның егіз інісімен сөз байласқан деген ақпарат тарады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек