Алматыда тұрғындар көлікке сыймай қалды

Әлеуметтік желіде Алматыдағы халықтың 55 автобусқа сыймай қалған видеосы тараған еді. Осы мәселеге қатысты Massaget.kz тілшісі қалалық мобилділік басқармасына хабарласты.

Бейнежазбада кептеліс кезінде қоғамдық көлік күткен тұрғындардың көптігі білінеді. Олар автобусқа сыймай қалған. Себебі іші адамдарға лық толы. 

Қалалық мобилділік басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Көлік холдингіне тиісті шара қабылдауға тапсырма берілген.

"Көлік холдингі жүйесінің мәліметі бойынша, бұл аумақта адамдар кептеліс кезінде автобусты 10-15 минутқа дейін күтеді. Жолаушылар тасымалына талдау жасап, тиісті шараларды қабылдау үшін  Көлік холдингіне тапсырма берілді", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда көлік салығы алып тасталуы мүмкін екені туралы жарияланған болатын.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!