Жемқорлық - індет, онымен күресу - міндет

Биыл 15 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық дерегі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамдарды көтермелеу қағидалары күшіне енеді.

Бұйрыққа сәйкес, параның немесе келтірілген залалдың мөлшері 1000 АЕК-тен аспайтын жағыдайда біржолғы ақшалай сыйақы - 30 АЕК пен 100 АЕК арасындағы мөлшер. Бірақ пара немесе келтірілген залалдың сомасы 1000 АЕК-тен асатын жағдайда сыйақы пара сомасының 10 пайыз мөлшерінде тиесілі (бірақ 4000 АЕК-тен артық емес).

Кеңес алу немесе сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы хабарлау үшін 1424 нөміріне қоңырау шалсаңыз жеткілікті.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!