Рудныйда мас ер адам футбол алаңында жасөспірімді соққыға жыққан

Фото: Видео кадры

Рудныйда мас ер адам футбол алаңында жасөспірімді соққыға жыққан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

Оқиға бұдан екі күн бұрын Ленин көшесінде болған. 13 жастағы ұлдар футбол ойнап жүрген.

Мас ер адам спорт алаңына кіріп, допты теуіп бастаған. Бұл уақытта балалар алаңнан кетпек болған. Ер адам олардың бірін қуып жетіп, жұдырығымен және тізесімен жақ тұсынан ұрған.

Полиция қызметкерлері баланың қазір ауруханада екенін айтты. Баланың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Жасөспірімді ұрып-соққан ер адам анықталды, ол сауықтыру орталығына жеткізілді. Ол екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

"Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір ер адам анықталды. Соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді Рудный ПД тергеу бөлімінің жетекшісі Жасұлан Бисембаев.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек