Шымкентте әкімдік уәде еткен ақшаны ала алмаған кәсіпкер жолды жауып тастаған

Шымкентте әкімдік уәде еткен ақшаны ала алмаған кәсіпкер жолды жауып тастаған
Фото: видео кадры

Шымкентте кәсіпкер жолды жауып тастап, кептеліс тудырды. Кептелісте қоғамдық көлік те, жедел жәрдем көліктері де тұрып қалды. Кәсіпкер әкімдік қызметкерлері одан төрт жыл бұрын учаскені сатып алғанын, бірақ әлі күнге дейін төлемей жүргенін айтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Кәсіпкер Бақытжан Ошақбаевтың айтуынша, осыдан төрт жыл бұрын аудан әкімдігінің қызметкерлері оның жер телімін көріп кеткен. Премьер-министр сапары алдында билік бұл аумақты жедел түрде асфальттау үшін сатып алу туралы шешім қабылдайды. Бірақ кәсіпкерге әлі ақы төленбеген. Ашуланған кәсіпкер төтенше шара қолдануды ұйғарған: ол жолды жауып тастады. Нәтижесінде кептеліс туындаған. Қоңырауға асыққан жедел жәрдем жүргізушісі де бағытын өзгертіп, басқа жол іздеуге мәжбүр болған.

"Олардың өздері менің учаскеме асфальт төсеуді сұрады. Олар менен рұқсат алды. Бәрін заңды түрде реттеп, маған бұл жер үшін ақша төлейміз деп уәде берді. Мен олардың сөзіне сендім. Енді бұл асфальттың бәрін бұзып, жерді қайтаруға толық құқығым бар. Басқа не істей аламын?", – дейді Бақытжан Ошақбаев.

Оқиға орнына шенеуніктер де барған. Олар үш айдың ішінде төлейміз деп уәде берді. Бірақ төрт жыл ішінде неге бұлай жасамағандарын түсіндіре алмады, дейді телеарна журналисі.

"Қазір есеп айырысу процесі жүріп жатыр. Көлік бөлімі құжаттарды рәсімдеп жатыр. Құжаттар дайын болған соң, осы аптада жер бөліміне өткіземіз. Олар сараптама жүргізуі керек, ақшаны заңды түрде төлейміз", - деп уәде берді Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан