Қорғаныс министрлігі қазақстандық өндірушіні айыптады

Қорғаныс министрлігі қазақстандық өндірушіні айыптады
Фото: kpe.com.kz

Қорғаныс министрлігі ведомство отандық өндірушіден неге қорғанысқа арналған техника сатып алмағанын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, Kazakhstan Paramount Engineering (КПИ) 2015 жылы салынған, "Арланды" алғашқы жеткізу 2016 жылы жүзеге асырылған, ал Меморандумға 2017 жылдың шілдесінде қол қойылған. Бұл құжат 2030 жылға дейін 274 "Арлан" және 106 "Барыс" беренді дөңгелекті машиналарын сатып алуды көздейді.

"Қорғаныс министрлігі Меморандумда көрсетілген мерзімге сәйкес беренді машиналарды сатып алуды жүзеге асырады. Онда жауынгерлік техниканы әскери сынақтардан өткеннен кейін ғана сатып алуға болатындығы көрсетілген. Ал "Барыс" беренді машинасына келетін болсақ, қазіргі уақытта ол тәжірибелі әскери пайдаланудан өткен жоқ. Зауыт кемшіліктерді жоюмен айналысып жатыр", - делінген хабарламада.

Бүгінде Қарулы күштерде 138 "Арлан" көпмақсатты беренді машинасы (110 жауынгерлік модульмен және 28 – жауынгерлік модульсіз) бары айтылды.

2022-2023 жылдарға 2023 жылы жеткізіліммен тағы да 20 "Арлан" көпмақсатты беренді машинасын (жауынгерлік модульмен 18 және жауынгерлік модульсіз 2) сатып алу жоспарланып отыр. 2023 жылдың аяғына дейін Қарулы күштерде жалпы саны 158 "Арлан" КБМ (128 жауынгерлік модульмен және 30 – жауынгерлік модульсіз) болады, делінген ҚМ хабарламасында.

"2022 жылы қорғаныс тапсырысын орындау кезінде "КПИ" бекітілген рәсімге сәйкес қызметке қабылданбаған "WSE" жаңа үлгісіндегі 10 дана "Арлан" КБМ-ға жауынгерлік модулін орнатты.

Осылайша "КПИ" мемлекеттік қорғаныс тапсырысының орындалуын бұзып отыр. Өйткені Қарулы күштердің көрсетілген 10 КБМ қабылдау актісіне қол қойылмаған", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта демонстрациялық сынақтар жүргізілген. 11 қыркүйектен бастап аталған жауынгерлік модульді әртүрлі климаттық жағдайларда 2023 жылдың аяғына дейін тәжірибелік әскери пайдалану жоспарланып отырғаны айтылды.

ҚМ мәліметінше, сол себепті 2023 жылы "WSE" жауынгерлік модульдерін орнату көзделген 18 "Арлан" КБМ-ын жеткізу шартының бұзылу қаупі туындап отыр.

Меморандумның заңды күші болмағанына қарамастан, Қорғаныс министрлігі 8 жыл ішінде келісілген саннан 60 пайыздан артық "Арлан" сатып алғанын айта кету керек, дейді Қорғаныс министрлігі өкілдері.

"Не отандық, не шетелдік бірде-бір кәсіпорыннан сонша техника сатып алынған жоқ. Біздің мәліметтеріміз бойынша, осы уақытқа дейін бірде-бір машина экспортқа шығарылмаған. Бұл оның бәсекеге қабілеттілігінің төмендігін көрсетсе керек. Сонымен қатар "КПИ" ЖШС өндіретін машиналардың ешқайсысы су кедергілерін жүзіп өтуге, жаудың беренді нысандарымен ұзақ қашықтықта күресуге және таулы жерлерде әрекет етуге қабілетті емес", - делінген ҚМ хабарламасында.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Д. Шәріпхан