"Тізесімен ұрған". Қостанай облысында ер адам шабуыл жасаған бала ауруханаға түсті

"Тізесімен ұрған". Қостанай облысында ер адам шабуыл жасаған бала ауруханаға түсті
Фото: "Алау"/видео кадры

Қостанай облысында ер адам балаларға шабуыл жасап, бір жасөспірім ауруханаға түскен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Алау" порталына сілтеме жасап.

Оқиға Рудный қаласында болған, ол бейнебақылау камерасына түсіп қалған. 10 қыркүйекте Ленин көшесінде орналасқан үйлердің бірінің маңындағы учаскеде он үш жас шамасындағы жасөспірімдер футбол ойнап жүрген.

Бір сәтте доп тебуге алаңға мас адам кірген. Балалар ол жерден кетіп қалмақ болып, тіпті одан қашқан. Бірақ ер адам бір баланы қуып жетіп, оны тізесімен кейін жұдырықпен ұрған. Облыстық Полиция департаменті мәліметінше, кәмелетке толмаған баланы ұрып-соққан ер адам анықталып, медициналық айықтыру орнына жеткізілген.

Миы шайқалған жасөспірім ауруханаға түскен.

Рудный полициясы "Бұзақылық" бабы бойынша соталды тергеуді бастады. Баптың ең жоғары санкциясы екі жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды қарастырады. Тергеу аясында сараптамалар тағайындалып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқаны айтылды. Полицейлердің айтуынша, қазіргі уақытта баланың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Д. Шәріпхан