Оралда лық толы автобуста ән салған жастар Желідегілерді тәнті етті

Фото: Видео кадрлары

Орал тұрғындары Қала күнін атап өтті. Әлеуметтік желіде Қала күнін тойлаудан қайтқан жастардың жолаушыларға жақсы көңіл-күй сыйлап, лық толы автобуста ән айтып жатқаны түскен видео тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жастардың мұндай әрекеті Желі қолданушыларды тәнті етті. Олар жазбаға түрлі пікір қалдырған.

"Жұмысқа/мектепке немесе керісінше үйге ән айтып бара жатыр, керемет емес пе? Бұрын біздің ата-әжелеріміз де жазыққа ән айтып барған", "Жарайсыңдар. Өмір бойы ән айтып. Ән айту өмір сүруге көмектеседі. Барлығына жақсылық тілеймін"," Жарайсыңдар, автобусқа мініп, ұрысқаннан гөрі мұндай позитив жастар болған кезде ән айтқаны жақсы, әрине, егер ешкімге кедергі жасамаса", - деп жазды олар.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә