"20 мың доллар таптым": Жахан Отарғалиев TikTok-тағы табысы туралы айтты

Актер Жахан Отарғалиев TikTok компаниясының Қазақстаннан филиал ашқаны және осы желідегі тапқан табысы туралы "НТК" арнасының "Өзіміз ғой" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, TikTok-қа келуіне "Джохан 2" киносынан соң болған сәтсіз жағдай әсер еткен.

"Джохан 2" киносының сәтсіз шығуына TikTok-тағы бір апай себеп болды. Түрлі нөмірден он жаңа аккаунт ашып, фильмнің үзінділерін салған. Астына "фильм онша емес, келмеңіздер" деген секілді пікір қалдырған. Халық соның құрығына ілініп қалды. Сөйтіп, бұдан кейін ойлана келе "мен TikTok-тың түбіне жетемін" деп ойладым. Сосын аккаунт ашып, стримге кірдім, түрлі баттл ойнадым. Алғашқы екі күн жеңілдім, 200 доллар ақша таптым. Бірақ содан кейін жеңе бастадым. Қазір бәрін ұттым. Бірінші айда 20 мың доллар табыс таптым", - деді актер. 

@akoooo_00 #zhahan_utargaliyev @ZHAHAN UTARGALIYEV ? ♬ оригинальный звук - akoo?

Қазіргі таңда өнер иесі TikTok компаниясының Қазақстандағы филиалын ашып, сонда басқа да талантты жастарды жинап жатқанын айтты.

"Тіркелгеннен кейін бір аптадан соң TikTok-тың Қытайдағы филиалының басшысы соқты. Ол Қазақстаннан TikTok-тың филиалын ашқысы келеді екен. "Бірге жұмыс істейік" деп ұсыныс айтты. Жалпы Қазақстаннан Қытай азаматтары TikTok компаниясының филиалын ашқан. Жанында бір-бір аудармашысы бар. Солармен жұмыс істеп отыр. Ал мен өзім ашсам деген ұсыныс айтып едім, олар келісті. Сөйтіп, "филиалға барып, бастықтарыңызбен сөйлескім келеді" дедім. Олар барлық жол шығынын төлеп, мені апарды. Қытайлықтар өте жақсы қарсы алды, сөйлестік. Сол кезде қытайдың бәрін жақсы көріп кеттім. TikTok-тың офисіне келіп, эфирді аштым да, "достар, мен түбіне келдім" дедім. Халық қошемет білдірді. 

Қазіргі таңда үлкен жұмыс атқарылып жатыр. Қазақстаннан TikTok-тың филиалын аштық. Стримерлер жақсы ақша таба алады. Біздің компанияда ешкім бір-біріне жаман сөз айтпайды. Стримерге келген әртіске 50/50 табыс түседі. Одан бөлек TikTok-қа түскен ақшаның шетінен сізге тағы да төленеді", - деді Жахан Отарғалиев.

Еске салайық, бұған дейін Жахан Отарғалиев айырылысуына не себеп екенін айтқаны туралы жарияланған болатын.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!