"Жүкті әйелмен ажырасуға бола ма?" Заңгер жауап берді

Заңгер Венера Нұрғалиқызы "жүкті әйелмен ажырасуға бола ма?" деген сұраққа жауап берді. Оның айтуынша, ала 1 жасқа толғанша әйелдің келісімінсіз некені бұзуға болмайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы маман әлеуметтік желідегі парақашасында бөлісті. 

Заңгер оқырмандарының бірі оған келінінің мінезі шатақ екені және үйде орынсыз ұрыс шығаратынын айтқан. Оқырманның ұлы ажырасамын деп шешімін қабылдаған. Алайда келіннің аяғы ауыр және ол ажырасуға келісімін бермеген.

Заңгердің айтуынша, бала 1 жасқа толғанша әйелдің келісімінсіз некені бұзуға болмайды. 

"ҚР Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексінің 16-бабының 2-тармағына сәйкес, некені (ерлі-зайыптылықты) зайыбының жүктілігі кезеңінде және бала туғаннан кейінгі бір жыл ішінде оның келісімінсіз бұзуға болмайды. Себебі әйел адамы балаға қарап, 1 жасқа дейін өсіріп, бала балабақшаға барған соң ғана жұмыс жасай алады. Сол себепті бұл уақыт аралығында әйелдің келісімінсіз сот ерлі-зайыптыларды заңды түрде ажырастырмайды", - деп жауап берді ол. 

Қазақстанда ажырасу статистикасы қандай?

Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, былтыр 12 ай ішінде Қазақстанда 128,5 мың неке тіркелген. Бұл көрсеткіш 2021 жылғы 12 аймен салыстырғанда 8,4 пайызға төмендеген. Бұған дейін де ажырасу көрсеткіші төмендегені байқалады (2021 жылы - 34,4 пайыз, 2020 жылы 37,2 пайыз).

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!