"Жағдайы ауыр": Маңғыстауда көпқабатты үйдің ортасына құлаған жасөспірім есін жиды

"Жағдайы ауыр": Маңғыстауда көпқабатты үйдің ортасына құлаған жасөспірім есін жиды
Фото: narcolog1.ru

Ақтаудағы 16-шағынаудан 59-үйдің шатырынан көпқабатты екі үйдің ортасына құлаған 17 жастағы бала есін жиды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасының реаниматолог-дәрігері Мереке Бекбаевтың айтуынша, баланың жағдайы ауыр.

"Баланың жағдайы - ауыр, тұрақты. Есін жиып, комадан шықты. Қазіргі таңда аппараттан алынып, өзі демалып жатыр", - дейді дәрігер.

Оқиға 8 қыркүйек күні сағат 22:45 шамасында болған. Зардап шегуші облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілген болатын.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы