Шенеуніктерге iPhone телефонын пайдалануға тыйым салынды

Шенеуніктерге iPhone телефонын пайдалануға тыйым салынды
Фото: bbc.com

Қытай билігі мемлекеттік қызметкерлерге iPhone телефонын пайдалануға тыйым салды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі BBC ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Шетелдік смартфондарға тыйым салу кезең-кезеңімен енгізілді. Алғашқы күні орталық мемлекеттік аппараттың шенеуніктері ғана қатысты. Екінші күні Wall Street Journal iPhone-ды кеңсеге әкелуге және оларды жұмыс мақсатында пайдалануға тыйым салынғанын хабарлады. Үшінші күні Bloomberg мемлекеттік компаниялар мен мемлекеттік органдар қызметкерлеріне де тыйым салынатынын хабарлады.

Шектеуден соң Apple акциялары екі күн қатарынан құлдырап кетті. Apple өнімдерінің басым бөлігі Қытайда өндіріледі. Тыйымнан соң компанияның қор нарығы шамамен $200 млрд-қа төмендеді. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы