Ұлыбритания басылымы Димаш Құдайберген туралы мақала жариялады

Ұлыбритания басылымы Димаш Құдайберген туралы мақала жариялады
Фото: tengrinews.kz

Ұлыбританияның ең танымал музыкалық басылымдарының бірі The Music Man интернет порталында әнші Димаш Құдайберген туралы мақала жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Димаш Құдайберген: әлемдегі ең үздік дауыс" атты  мақалада әншінің өмірі мен отбасы, шығармашылық жолы егжей-тегжейлі баяндалады.

The Music Man басылымы – әлемдегі талантты музыканттар туралы жазатын Ұлыбританиядағы ең танымал әрі беделді музыкалық басылымдардың бірі. Facebook ресми парақшасындағы оқырмандар саны 2,9 миллион адамға жетеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы