Футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатының элиталық кезеңінде ойнайтын 16 ойыншы белгілі болды

Футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатының элиталық кезеңінде ойнайтын 16 ойыншы белгілі болды
Фото: ©instagram.com/kff_team_futsal

Футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңінің элиталық матчтарына баратын Қазақстан құрамасының құрамы белгілі болды, деп хабарлайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 

Ұлттық құраманың бас бапкері Кака 16 ойыншыны Нидерланды мен Румыния құрамаларына қарсы матчтарға шақырды.

Қазақстан құрамасының құрамында қақпашылар: Нұралем Байдулла ("Атырау"), Игита, Нарун Серіков (екеуі де - "Қайрат");

Алаң ойыншылары: Тайнан ("Спортинг", Португалия), Эдсон, Альберт Ақбалықов, Дәурен Тұрсағұлов, Дуглас, Жахангир Рашит, Біржан Оразов (барлығы - "Қайрат"), Азат Валиуллин, Әбдірасүл Әбдіманапұлы (екеуі де - "Аят"), Шыңғыс Есенаманов, Райымбек жұма, Жомарт Тоқаев (барлығы - "Семей"), Арнольд Кнауб ("Жетісу").

Сондай-ақ А тобында қазақстандықтар Әзірбайжанмен де кездесу өткізеді. Элиталық тур матчтары қыркүйек айында басталып, 2023 жылдың желтоқсанында аяқталады.

15 қыркүйекте қазақстандықтар Нидерландымен ойнайды, ал 20-шы күні үйде Румыния құрамасын қабылдайды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Зинешов