Мароккода үш күндік аза тұту жарияланды

Мароккодағы жер сілкінісіне орай ел королі VI Мұхаммед жер сілкінісінен қаза тапқандарды еске алу үшін үш күндік аза тұту жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі РИА-новости ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға салдарынан 2012 адам қаза тауып, 2059 адам зардап шеккен.

"Оның ішінде 1404-і ауыр жарақат алған. Аза тұту кезінде корольдіктің мемлекеттік туларын барлық үкіметтік ғимараттарда жартылай түсіру бұйырылды", - делінген агенттік хабарламасында.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!