Екібастұзда ірі сауда орталығынан өрт шықты

Екібастұзда сауда-ойын-сауық орталығынан өрт шығып, төрт адам эвакуацияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт туралы хабарлама 10 қыркүйек, сағат 08:00-де түскен. Өрт орнына 6 бірлік техника жіберіліп, жеке құрамның 30 адамы жұмылдырылған.

"Өрт үшінші қабаттағы балалар киімдері мен ойыншықтар дүкенінде болды. Сондай-ақ, әйелдер іш киімі дүкенінен де жанып жатқан заттар табылды. Жалпы өрттің аумағы - 57 шаршы метр", - делінген ведомствоның баспасөз қызметінде.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!