Созылмалы шаршау синдромының ерекше себебі анықталды

Созылмалы шаршау синдромының ерекше себебі анықталды
Фото: pixabay

Корнелл университетінің зерттеушілері созылмалы шаршау синдромы вирустық сипатта болуы мүмкін екенін анықтады. Ғалымдардың жұмысының нәтижелері PLOS Pathogens журналында ұсынылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Life-ке сілтеме жасап. 

Созылмалы шаршау синдромы - ұзақ мерзімді шаршаумен және басқа көріністермен сипатталатын патологиялық жағдай. Кейде симптомдар соншалықты айқын көрінуі мүмкін. Сондықтан адам күнделікті әдеттегі әрекеттерді орындай алмай қалады. Сонымен қатар, шаршау демалғаннан кейін де сақталып қалады. Бұл жағдай бірнеше айларға, тіпті жылдарға созылуы мүмкін. Симптомдар біраз уақытқа жоғалуы мүмкін, бірақ кейін қайта оралады.

Мамандар синдром көбінесе вирустық инфекциялардан кейін пайда болатынын атап өтті. Олардың гипотезасына сәйкес, энтеровирустар, құрамында РНҚ бар вирустар тобы бұл ауруды қоздырады. Ең көп таралған вирустардың қатарына Эпштейн-Барр вирусы және адамның басқа герпес вирустары жатады. Дегенмен, басқа ықтимал механизмдерді, соның ішінде ақаулы митохондрияларды, қалқанша безінің гормондарының төмен деңгейін және көптеген генетикалық нұсқаларды ескеру қажет.

Сонымен қатар болашақта ғалымдар гипотезаны тексеруді жоспарлап отыр. Бұл синдромды емдеуге көмектесетінін атап өтті. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Зинешов