"Үнемі осылай": Ақтауда Fly Arystan рейсі бірнеше сағатқа кешіктірілген

"Үнемі осылай": Ақтауда Fly Arystan рейсі бірнеше сағатқа кешіктірілген
Фото: Видеоскрин

Ақтау-Шымкент бағытында ұшуы тиіс болған FlyArystan рейсі бірнеше сағатқа кешігіп ұшқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жолаушылардың айтуынша, рейс үш рет кейінге шегерілген. Адамдар 5 сағат күткен. Ал авиакомпания себебін түсіндірмеген.

"Енді рейсімізді тағы да ауыстырды. Ал біз қайда барамыз? "FlyArystan" компаниясының өкілдері кешігу себебін түсіндірмей, қашып жүр. Мұнда көбі балалармен, мүмкіндігі шектеулі және қарттар да тұр. Бұл бірінші жағдай емес, мұндай масқара қашанғы жалғаса береді", - дейді жолаушы Нұржамал Төлебаева.

Авикомпания ұшақтың өндірістік қажеттілікке байланысты кешіктірілгенін атап өтті.

"9 қыркүйек күнгі КС7576 Ақтау - Шымкент рейсі өндірістік қажеттілігіне байланысты кешіктірілгенін хабарлаймыз. Рейс Ақтау қаласының жергілікті уақыты бойынша 10 қыркүйек сағат 06:00-ге ұшуға жоспарлануда. Осы рейстің жолаушыларына салқын сусындар, ыстық тағам, қонақ үй, сондай-ақ қонақ үйге дейін және кері қарай трансфер қарастырылады. Сонымен қатар, жолаушыларға келесі рейске тегін қайта брондау мүмкіндігі бар немесе әуе билетін толық қайтару мүмкіндігі бар. Біз жолаушылардан шын жүректен кешірім сұраймыз және ұшу қауіпсіздігі біздің басты приоритетіміз екенін еске саламыз", - делінген хабарламада.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы