Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: tengrinews.kz

"Қазгидромет" РМК Алматы мен Атырау қалаларында қалыптасатын ауа сапасының болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Екі қалада ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі. Өзге өңірлерде ауа сапасы қалыпты болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайларға атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы кіреді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жайыққызы