Маңғыстауда жасөспірім екі үйдің арасындағы кеңістікке құлап, кептеліп қалған

Маңғыстауда 17 жастағы жасөспірім екі үйдің арасындағы кеңістікке құлап, кептеліп қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі inAktau.kz-ке сілтеме жасап.

Маңғыстау Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері оқиға 8 қыркүйекте болғанын хабарлады.

Құтқарушыларға 17 жастағы жасөспірімнің екі үйдің арасындағы шұңқырға құлап, кептеліп қалғаны туралы ақпарат түсті.

Жасөспірім 7 қабатты үйдің шатырынан 1-қабатқа құлап кеткені белгілі болды. Ол ауруханаға жеткізілді, қазір жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр.

Бала ата-анасының қарауынсыз шатырда басқа балалармен ойнағаны нақтыланды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!