Ақтауда жасөспірімдер жаппай төбелес шығарған - видео

Ақтауда жасөспірімдер жаппай төбелес шығарған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі өңірлік Полиция департаментіне сілтеме жасап. 

2023 жылғы 8 қыркүйекте сағат 23:08 шамасында 102 кезекші пультіне 27-шағынауданда 15 кәмелетке толмаған жасөспірімдердің арасында төбелес шыққаны туралы ақпарат түскен.

Патрульдік полиция жасақтары оқиға орнына барды.

"Бұл дерек бойынша Ақтау полиция басқармасына 20 кәмелетке толмағандардың жеке бастары анықталып, жеткізілді. Олардың заңды өкілдеріне ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 435, 442-баптары бойынша әкімшілік хаттамалар жасақталды", - делінген хабарламада. 

Сондай-ақ, профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!