"Жастық шақты еске алған ғой". Мопед мінген әже жұртты таңғалдырды

Желіде мопед мінген әженің видеосы тарады. Әлеуметтік желі қолданушылар әженің әрекетіне тәнті болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл видео TikTok-парақшалардың бірінде пайда болды. Онда әженің жол жиегінде мопед айдап бара жатқаны көрінеді. 

Онда төрт мыңнан аса лайк, үш жүзден аса пікір мен 62 мың қаралым жинаған. 

"Апа трендте", - делінген видеода. 

@bailevon

♬ Тағдыр - ORDA

Желі қолданушылары әженің әрекетіне тәнті болып, түрлі пікір қалдырған. 

"Жастық шақты еске алып, немерсінің мопедін ұрлап кеткен ғой", "Апа өзі үшін өмір сүріп бастады","Апам мықты, денсаулығы мықты болсын", "Апа мопед мініп жүр, ал сен әлі жаяу жүрсің", "Апамның жолы болсын", - деп жазған олар. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!