Ақтөбеде жантүршігерлік жол апаты болды: бір адам қаза тапты

Ақтөбеде скутер тізгіндеген адам жаяу жүргіншіні қағып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

8 қыркүйекте Ақтөбеде Жиенбаев көшесінде жол апаты болды. 30 жастағы скутер жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 42 жастағы жаяу жүргінші оқиға орнында қаза болды.

Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушысын ҚР Жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз