"Бұл ненің белгісі?". Күзде қайта гүлдеген бәйшешек жұртшылықты таңғалдырды

"Бұл ненің белгісі?". Күзде қайта гүлдеген бәйшешек жұртшылықты таңғалдырды
Фото: Автордан

Жаз аяқталуға жақын қалғанда бәйшешек тағы гүлдеді. Көктемнің алғашқы гүлі аталатын бәйшешек "Семей орманы" резерватының Беген филиалында гүл атты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Филиал қызметкері орманды аралап жүргенде гүлдеп тұрған кестежусанды көріп, таң-тамаша қалғанын айтады.

"Абай облысында бәйшешектің ашық кестежусан, көп ойықты кестежусан, қоңырау тәрізді кестежусан түрлері кездеседі. Барлығымыз білетіндей, бәйшешек гүлі ерте көктемде гүлдейтін көп жылдық өсімдік. Оның нәзік гүлдері қыстың ұзақ күндерінен кейін жер бетіне бірінші болып шығады. Бірақ бәйшешектердің көктемде емес күз мезгілінде гүлдеуі ол гүлдің ерекшелігінде. Мұндай құбылыс бәйшешектің екінші рет гүлдеуі деп аталады", - деді экологиялық ағарту бөлімінің аға ғылыми қызметкері Толғанай Нұрланова.

Бәйшешектің гүлдеуін қазақ әркез жақсылықтың, қуаныштың нышаны деп қабылдайды. Халық нанымы бойынша, егер бәйшешек екінші рет гүлдесе, күз маусымының ұзақ әрі жылы болатынының белгісі екен.

Ал желі қолданушылары бұл құбылысты "бұл гүлдер біздің өлген батырларымыз үшін болсын", "Табиғат қайта жаңғырады, Аллаға орманнан қалған нәрсені сақтау үшін адамдарға ақыл мен күш беріңіз", бұл ненің белгісі сонда?, "Жаңа орманның жаңа өмірі", деп пікір қалдырды.

Жадыра Серікбекқызы

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы