Жапон балалары әлемдегі ең сау екені әрі аз вакцина алатыны рас па?

Қазнет қолданушылары арасында ең сау балалар Жапонияда тұратыны, мұның себебі басқа дамыған елдермен салыстырғанда, вакцина саны аз болуында екенін жазып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Белгілі бір елдегі балалардың денсаулық деңгейін бағалау өте қиын, өйткені мұндай рейтингтер жоқ. Алайда балалар өлім-жітімінің рейтингтері баршаға қолжетімді. БҰҰ-ның балалар өлімін бағалау жөніндегі ведомствоаралық тобының мәліметтері бойынша 2021 жылы Жапонияда бес жасқа дейінгі балалардың өлім-жітімі 1000 адамға шаққанда 2,4 болды. Бұл көрсеткіш, мысалы, Финляндияға немесе Норвегияға қарағанда жоғары. Демек, ең сау балалар Жапонияда деген пікір қате.

"Жапонияда балаларға ең аз вакцина салынады" деген екінші мәлімдеме де жалған. Жапониялық егу күнтізбесі әлеуметтік желіде жарияланған. Оған 15 түрлі вакцина кіреді, бірінші екпелер балалар туғаннан кейін бірден егіледі.

Жапонияға қарағанда балалар өлім-жітімі төмен Финляндияда балаларға 17 түрлі вакцина салынады, соның ішінде папилома вирусына, COVID-19, ротавирустық инфекцияға, тұмауға және т.б. қарсы вакциналар бар. 

Ал АҚШ-та бес жасқа дейінгі балалардың өлім-жітімі 2021 жылы 1000 адамға шаққанда 6,24 жағдай болған. Мұнда ресми егу күнтізбесіне 11 вакцина енгізілген, оның ішінде COVID-19-ға қарсы вакцина да бар.

Бұл егу күнтізбесіндегі вакциналардың салыстырмалы түрде аз саны белгілі бір елдегі өлім-жітім төмен екенін дәлелдейді. Яғни, балаларға әртүрлі вакцина көп салынатын елдерде басқа мемлекеттермен салыстырғанда балалар өлім-жітімі өспейді.

Жапонияда балалар өлімінің деңгейі төмен емес және бұл елде балаларға басқа елдермен салыстырғанда вакцинациялардың орташа саны егіледі. Демек, таралған ақпарат - фейк.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!