"Ажырасқан әйелдерді жек көремін". Журналистің пікіріне қарсы Алматы көшелерінде арнайы белгі пайда болды

"Ажырасқан әйелдерді жек көремін". Журналистің пікіріне қарсы Алматы көшелерінде арнайы белгі пайда болды
Фото: Фотоколлаж

Алматының қоғамдық орындарында "Жаңа адамдар" жастар қозғалысы ұйымының белсенділері журналист Меруерт Әйтеноваға ескерту белгілерін қойған. Белсенділер осы ескерту тақтайшалары арқылы қоағм белсендісінің пікіріне қарсылықтарын білдірген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Еуразия" арнасындағы "Көреміз" телебағдарламасында Меруерт Әйтенова ажырасқан әйелдер туралы "қоғамның соры" деп мәлімдеген еді. 

"Ажырасқан әйелдерді жек көремін, олармен бірге отырғым да келмейді. Күйеуі әйеліне төсекте бақыттың дәмін көрсетеді, соған соңына дейін шыдау керек", - деді ол.

"Жаңа адамдар" жастар қозғалысының белсенділері мұндай белгілерді саябақтар мен қоғамдық көліктерде, сауда орталықтары мен вокзалда, сондай-ақ бірнеше мекемелерге орнатқан. Осылайша, алматылықтар журналисттің пікірін дұрыс емес деп есептейтінін жеткізді. 

Еске салайық, бұған дейін Меруерт Әйтенова ажырасқан әйелдер туралы сынға қалған сөзін түсіндіргені туралы жарияланған болатын.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы